Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

    Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

    Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

    Күзгі-қысқы кезең қарсаңында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Осы бағытта «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен бірлесіп, Жезқазған қаласы, Алашахан көшесі, 34Л мекенжайындағы құрылыс объектісінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара барысында жұмысшыларға төмен температура, қатты жел, жауын-шашын және көктайғақ жағдайларында қауіпсіз жұмыс жүргізу, құрылыс жабдықтары мен құралдарын пайдалану, жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және жеке қорғаныш құралдарын қолдану талаптары түсіндірілді.

    Сонымен қатар, құрылыс объектісінде пайдаланылатын мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» РММ" жаңалықтары