2026 жылғы 7 қазанда бұрынғы №1 негізгі мектептің ғимаратында Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметовтің халықпен тұрақты кездесуі өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    2026 жылғы 7 қазанда бұрынғы №1 негізгі мектептің ғимаратында Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметовтің халықпен тұрақты кездесуі өтті.

    Кездесу барысында сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

    1.Қала тұрғыны. М. Жадайұлы көшесінің №10 үйден №20 үйге дейінгі аралықтағы жолға қиыршық тас және инертті материалдар төсеп, тегістеу жұмыстарын жүргізу қажет.

    Қойылған сұраққа Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы түсініктеме берді.

    2. Қ ала тұрғыны. М. Жадайұлы көшесінің жол бойында орналасқан топырақ пен инертті материалдарды жинау және шығару жұмыстарын жүргізу қажет.

    Қойылған сұраққа Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы түсініктеме берді.

    3. Қала тұрғыны. Трансформатордың артындағы жолға қиыршық тас және инертті материалдар төсеп, тегістеу жұмыстарын жүргізу қажет.

    Қойылған сұраққа Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы түсініктеме берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары