Ақмола облысының өкілдері «Анаға тағзым» III Республикалық форумына қатысты

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ақмола облысының өкілдері «Анаға тағзым» III Республикалық форумына қатысты

    «Ана бренді: цифрлық дәуірдегі тәрбие коды» тақырыбында «Анаға тағзым» III Республикалық форумы Қызылорда қаласында өтті. Ауқымды шараға Ақмола облысының делегациясы да қатысты.

    Форумға Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, ғалым, биотехнолог, отандық «QazVac» вакцинасының авторы Күнсұлу Закария, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, «Аналар кеңесі» ұйымының төрайымы Назипа Шанаи, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, әнші Мәдина Сәдуақасова және еліміздің барлық өңірінен келген делегаттар қатысты.

    Форумның мақсаты – еліміздің рухани өміріндегі ананың биік мәртебесін айшықтау, ұлт тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың еңбегін дәріптеу, олардың өнегесін кеңінен насихаттау, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені нығайту.

    Аталған форумда Ақмола облысы атынан Ішкі саясат басқармасының бас маманы Қарауылова Мерейлім Төлеутайқызы делегат болып, Көкшетау қалалық «Әжелер мектебінің» жетекшісі, Аналар кеңесінің мүшесі Нұрсауле Мұратқызы «Ұрпақ тәрбиесі: ана аманаты – қоғам жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасап, спикер ретінде сөз сөйледі.

    Форум «Анаға тағзым» орталығымен «Достық» үйінде кәсіпкерлермен қолөнершілер көрмесімен жалғасын тауып, секциялық отырыстармен жалғасын тапты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары