Алға ауданында Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті

    Алға ауданында Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті

    Алға аудандық Мәдениет үйінде ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысып, білім саласының қызметкерлері мен ардагер ұстаздарды мерекелерімен құттықтады.

    Өз сөзінде аудан әкімі ұстаз еңбегінің қоғамдағы айрықша орнын атап өтіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі мұғалімдердің рөліне тоқталды. Сондай-ақ білім беру саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, шәкірт тәрбиесіне елеулі үлес қосқан ұстаздарға ризашылығын білдірді.

    Салтанатты шара барысында бірқатар білім саласының қызметкеріне аудан әкімінің, сондай-ақ облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды.

    Бұдан бөлек, білім беру саласында ұзақ жыл еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік дамуына айрықша үлес қосқан екі ардагер ұстаз «Ауданның дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

    Мерекелік жиын жергілікті өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алға ауданы әкімдігі" жаңалықтары