Сарыағашта "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына ақпараттық-түсіндіру сабағы ұйымдастырылды

    Сарыағашта "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына ақпараттық-түсіндіру сабағы ұйымдастырылды

    Сарыағаш полиция басқармасында өткен шара жасөспірімдердің патриоттық сезімін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және құқық қорғау саласына қызығушылығын ояту бағытында өтті.

    Сондай-ақ оқушыларға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полиция қызметінің маңызы түсіндірілді.

    Кездесу барысында оқушыларға полиция басқармасының негізгі қызмет бағыттары таныстырылды. Жас сақшылар жедел кезекші бөлімінің жұмысымен танысып, тәулік бойы қызмет атқаратын мамандардың азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдауы және оқиғаларға жедел ден қою тәртібін көрді.

    Сонымен қатар оқушылар жедел басқару орталығына барып, бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты. Оларға қоғамдық орындардағы ахуалды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заманауи технологиялардың рөлі көрсетілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары