Жеке деректерді қорғаңыз!

    Жеке деректеріңізді қорғаңыз!

    Жеке деректерді қорғау мақсатында Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттарға рұқсатсыз кіру жағдайларының жиілегені туралы ескертеді.

    Қорғанысты күшейту үшін ҚР ІІМ екі сатылы тексеруді (екі факторлы аутентификация) қосуды ұсынады: WhatsApp-ты ашыңыз, «Баптаулар» (Настройки) бөліміне өтіңіз, «Аккаунт» бөлімін таңдап, «Екі сатылы тексеру» (Двухэтапная проверка) тармағын басып, «Қосу» (Включить) түймесін басыңыз.

    Алты таңбалы PIN-код орнатыңыз және қолжетімділікті қалпына келтіру үшін электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз. Орнатылған PIN-кодты ешкімге айтпаңыз.

    Сондай-ақ, қосылған құрылғыларды үнемі тексеріп отыру қажет. Ол үшін мәзірді (жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүкте) ашып, «Байланысқан құрылғылар» (Связанные устройства) бөлімін таңдап, тізіммен танысыңыз. Бейтаныс құрылғыны байқасаңыз, оны басып, қолжетімділікті жою үшін «Шығу» (Выйти) пәрменін таңдаңыз.

    Бұзушылықтың белгілері: бейтаныс құрылғылардың қосылуы, сіздің қатысуыңызсыз хабарламалардың жіберілуі, таныстарыңыздың сіздің атыңыздан күдікті өтініштер түсіп жатқанын айтуы, сұраныссыз SMS-кодтардың келуі, сондай-ақ аккаунттан өздігінен шығып қалу.

    Растау кодтарын үшінші тұлғаларға бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың нұсқауымен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз.

    Аккаунттың бұзылғанын байқасаңыз, дереу қорғаныс шараларын қолға алып, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

    WhatsApp-та рұқсатсыз әрекеттер анықталған жағдайда, «Байланысқан құрылғылар» бөліміндегі барлық белсенді сеанстарды дереу аяқтау, екі сатылы тексерудің PIN-кодын өзгерту және байланыстағы адамдарыңызға аккаунттың бұзылуы мүмкін екені туралы ескерту қажет.

    Сондай-ақ, ҚР ІІМ смартфон мен компьютерді зиянды бағдарламалардың бар-жоғына тексеруді және SMS немесе мессенджер арқылы келетін растау кодтарын үшінші тұлғаларға бермеуді ұсынады.

    ҚР ІІМ еске салады: егер танысыңыздан ақша аударуды сұраған шұғыл хабарлама алсаңыз, онымен телефон немесе басқа тәсіл арқылы байланысып, хабарламаның шынымен аккаунт иесінен келгеніне көз жеткізіңіз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылы әкімінің аппараты ММ" жаңалықтары