Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

    Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

    Алматының Қалалық жоспарлау және қала құрылысы бақылау басқармасы Достық даңғылы, 44-үйдегі №142 тұрғын емес үй-жайға жоспардан тыс тексеру жүргізді.

    Тексеру барысында меншік иесі «Жаса Девелопмент» ЖШС қажетті рұқсат және жобалық құжаттамасыз қайта жаңғырту жұмыстарын бастағаны анықталды. Осыған байланысты басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қабылданды.

    Нысан иесіне анықталған заң бұзушылықтарды жою, ғимаратқа техникалық тексеру жүргізу және белгіленген талаптар орындалғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама берілді.

    Сонымен қатар тексеру барысында жүргізілген жұмыстар ғимараттың көтергіш құрылымдарына әсер етпегені және олардың тұтастығына зақым келмегені анықталды. Тұрғындар нысанға шақырылып, басқарма қызметкерлері тексеру нәтижесін сол жерде түсіндірді.

    Айта кетейік, меншік иесі нұсқамада көрсетілген талаптарды орындап, қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін ғана жұмысты жалғастыра алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары