ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Облыс әкімдігінде Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М. Усаин 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы және энергетика саласындағы өзекті мәселелерін талқылады.
    Мәжіліске Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жалғас Алтайұлы қатысты. Кездесу барысында өңірдің жылыту маусымына дайындығы, энергетикалық нысандардың әзірлігі, электр желілері мен қондырғыларының жай-күйі, сондай-ақ тұрғындарды жылу және электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
    Айта кетейік, Қызылорда облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 5 қазанда басталды.
    Осыған байланысты энергетикалық кәсіпорындарға жылу және электр энергиясын үздіксіз әрі қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді жедел жою және ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды күшейту тапсырылды.
    Жиын қорытындысымен жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету және энергетикалық нысандардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер белгіленді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары