ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

    Түркістанда Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ұстаз еңбегінің маңызын атап өтіп, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мен мәртебесін көтеру – білім саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді.

    Салтанатты жиында білім беру саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар үздік мұғалімдер марапатталды. Оларға Оқу-ағарту министрінің, Түркістан облысы әкімінің және Түркістан қаласы әкімінің Алғыс хаттары, сондай-ақ «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.

    Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы жалпы саны 79 мектепте 5 мыңнан астам педагог 60 мыңға жуық оқушыға білім беріп, олардың жан-жақты тәрбиесіне үлес қосып келеді. Қала мектептерінде жоғары біліктілік санаттарына ие тәжірибелі ұстаздар еңбек етуде.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары