Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды кезекті жеке қабылдауды офлайн және онлайн форматтарда өткізді

    Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды кезекті жеке қабылдауды офлайн және онлайн форматтарда өткізді

    Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды кезекті жеке қабылдауды офлайн және онлайн форматтарда өткізді.

    Іс-шара «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтіп, оның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және оларға деген сенімді нығайту болып табылады.

    Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері бойынша жан-жақты түсіндірмелер беріліп, судьялардың тәуелсіздігінің конституциялық қағидатының негізгі аспектілері түсіндірілді. Бұл ретте Кеңестің өз құзыреті шеңберінде ғана әрекет ететініне, сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласпайтынына және қызметтік тексерулер жүргізбейтініне ерекше назар аударылды.

    Азаматтармен жұмыс істеумен қатар, судьялар корпусымен өзара іс-қимылға да ерекше назар аударылды. Судьялық қызметтен өз еркімен немесе басқа жұмысқа ауысуына байланысты кетуге ниет білдірген судьялармен жеке кездесулер өткізу жөніндегі жаңа практика енгізілді. Мұндай кездесулер барысында қабылданған шешімдердің себептері анықталып, конкурстық рәсімдерден өту тәртібі мен судьялардың мансаптық мүмкіндіктері түсіндіріледі. Нәтижесінде соңғы екі жылда аудандық соттардың шамамен 20 судьясы қызметтен кету туралы өтініштерін кері қайтарып алды.

    Тікелей диалог пен тұрақты кері байланыс Кеңеске келіп түсетін мәселелерді жан-жақты зерделеп қана қоймай, өз қызметін одан әрі жетілдіруді талап ететін проблемалық аспектілерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі" жаңалықтары