Ұстаз - ұлы тұлға

    Ұстаз - ұлы тұлға

    Бүгін – білім мен тәрбиенің жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні.

    Бұл айтулы күн бастапқыда жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін. Ал 2023 жылы Қазақстан Үкіметі Мұғалімдер күнін 5 қазанға бекітті.Қазір 5 қазан – әлемнің 100-ден астам елінде атап өтілетін Дүниежүзілік мұғалімдер күні. Осы халықаралық дәстүрге сай
    Қазақстанда да ұстаздар еңбегін ұлықтайтын кәсіби мерекенің нақты күні белгіленді.

    Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, елдің ертеңін қалыптастыратын тұлға. Сондықтан бұл күн – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған барша мұғалімге құрмет білдіретін ерекше мереке.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары