БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖК-ЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ.

    БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖК-ЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ.

    БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖК-ЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ

    Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын жеке тұлғаларға қызмет көрсету кезінде салықтық есепке алу тәртібіне қатысты келіп түсетін сұрақтарға байланысты төмендегіні түсіндіреміз.

    🔹 Түсімді Қазақстандағы ЖК шотына аудару

    Егер көрсетілген қызметтерден түскен табыс салықтық есепте бұрыннан танылған болса, аталған ақша қаражатын шетелдік банктегі жеке тұлғаның шотынан Қазақстан Республикасындағы өзінің ЖК шотына кейіннен аудару қайтадан табыс болып танылмайды.

    🔹 Валюталық бақылау

    Мемлекеттік кірістер органдары орындалмаған міндеттемелер сомасы 50 000 АҚШ долларынан асатын (баламасында) және репатриациялау мерзімі өткен шарттар бойынша репатриациялау талабын сақтау мәселелеріне бақылау жүргізеді. Валюталық заңнамаға қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне жатады.

    🔹 Шот-фактура

    Жеке тұлға көрсетілген қызметтер үшін электрондық төлем құралы болып табылатын төлем карточкасы арқылы ақы төлеген кезде, салық заңнамасында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру талап етілмейді. Шетелдік жедел төлем жүйесін пайдалану өздігінен шот-фактураны жазып беруден босатуға негіз болып табылмайды.

    🔹 ККМ

    Қызметтер үшін төлем төлем карточкасы немесе мобильді төлем арқылы жүзеге асырылған және ол Салық кодексіне сәйкес ақшалай есеп айырысу болып табылған жағдайда, заңнамада босату көзделмесе, ККМ қолданылады.

    🔹 Табысты тану күні

    Қызмет көрсетуден түскен табыс көрсетілген қызметтер актісіне немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.

    🔹 Табысты растауға қажетті құжаттар

    Салықтық есепке алу үшін қызметтің көрсетілгенін, оның құнын және табысты тану күнін растайтын құжаттардың болуы маңызды: шарт, акт немесе өзге де растайтын құжат, төлемді растайтын құжаттар, салықтық тіркелімдер және нақты операцияға байланысты басқа да құжаттар.

    📌 Маңызды: бір тұлғаның өз шоттары арасында меншікті ақша қаражатын аударуы өздігінен тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу болып табылмайды және кәсіпкерлік қызметтен алынған дербес табысты қалыптастырмайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары