АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

    АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

    Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
    Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
    Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселе қаралып, жауапты сала басшыларының есептері тыңдалды.
    Алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі жөнінде баяндады. Салық түсімдері, бюджет шығыстары, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету және «109» байланыс орталығына келіп түскен өтініштердің орындалуы сараланды.
    Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков егін жинау науқаны мен механикалық тазалау жұмыстарының барысын баяндады. Егін жинауды аяқтау, техниканың дайындығы және каналдарды тазалау мәселелері айтылды.
    Тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары бойынша аудандық “Газ инспекциясы” МКК директоры Бекасыл Жахан, ауылдық округ әкімдері және газдандыру барысы, абоненттерді қосу мен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
    Ал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Искаков 2026–2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық барысы туралы баяндады.
    Бұдан бөлек, «109» өтініштерінің орындалуы, күзгі әскерге шақыру және аудандағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелері қаралды.
    Жиын қорытындысында аудан басшысы Азат Оралбаев жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді. Индикаторлық көрсеткіштерді орындау, егін жинау жұмыстарын уақытылы аяқтау, газдандыру мен жылу маусымына дайындықты толық қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар тұрғындардың өтініштерін сапалы орындап, әр тапсырманың нәтижесін мерзімінде қамтамасыз ету қажеттігі қатаң ескертілді.
    Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары