
Биыл Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 913%-ке артты. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына барған жұмыс сапары барысында Қараменді ауылында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аудан орталығында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналып 8 пәтерлі 4 үй салынып жатыр.
Сапар аясында облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Ауданда 276,9 мың га жерге егіс егілді, 231,2 тонна өнім жиналды. 75,5 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 131,5%-ке орындалды. Жыл басынан бері 70 ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы сатып алынды.
Агроөнеркәсіп кешенінде 470 млн теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
5 елді мекенде блок-модульді ветеринарлық пункт салынып жатыр.
2026 жылы шағын және орта бизнес саласында 31 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл 9 мың көшет егілді. 21 қараусыз қалған және апатты нысан сүрілді.
Сапар барысында аймақ басшысы 2023 жылы ашылған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.









