Жыл соңына дейін Қазақстанда eGov GPT арқылы 150-ге дейін қызметті іске қосу жоспарланып отыр

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жыл соңына дейін Қазақстанда eGov GPT арқылы 150-ге дейін қызметті іске қосу жоспарланып отыр

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды. Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

    «Әлеуметтік әмиян» проактивті әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, 3 млн пайдаланушыны қамтиды. e-Otinish-тегі жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделді. eGov GPT арқылы 51 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 150 қызмет қамтылады. 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген», – деді Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

    Оның айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге трансформациялау жүргізіліп жатыр. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары