Абай ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Абай ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

    2 қазан күні Абай ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік шараға ауданның мектептері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері қатысты.

    Салтанатты жиында аудан әкімі М. Смағұлов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, марапат табыстады. Сондай- ақ, білім беру саласының дамуына үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етіп жүрген педагогтердің еңбегі аталып, Абай ауданы білім бөлімінің басшысы Б. Скакова және аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы М. Жарылғапов ұстаздарға кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттар және арнайы марапаттар табыстады.

    Іс-шара барысында ұстаздық еңбектің қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы ерекше атап өтіліп, педагогтерге ізгі тілектер білдірілді.

    Мерекелік кеш Көкбай атындағы орта мектебінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға.
    Барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары