
[14:08, 06.10.2026] Багила Коллега: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда креативті индустрия саласында 21,5 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Саланың жалпы қосылған құны 672 млрд теңгеге жетіп, бюджетке 49,4 млрд теңге салық түсті. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,5 есе артып, 65 млрд теңге болды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.
Креативті индустрия музыка, кино, дизайн, сән, сәулет, медиа, цифрлық контент және іс-шаралар салаларын қамтиды. Басқарма мәліметінше, саланың экономикалық көрсеткіштерімен қатар, қаладағы мәдени кеңістіктер мен ірі шығармашылық жобалардың саны да артып келеді.
2025 жылы қыркүйекте Алматыда аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Almaty Museum of Arts ашылды. Сондай-ақ «Целинный» заманауи мәдениет орталығы жұмысын бастады. Шаһарда халықаралық деңгейдегі концерттер мен фестивальдер де өткізіліп келеді.
Креативті индустрия саласындағы алдағы маңызды шаралардың бірі – 11 қарашада Almaty Arena-да өтетін THE ICONIC CREATOR AWARDS 2026. Биыл премия алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның креативті индустрия өкілдерін бір алаңда тоғыстырады.
Алматыда авторлар, артистер, режиссерлер, дизайнерлер, кәсіпкерлер, продюсерлер, сәулетшілер, медиа және digital-индустрия өкілдері бас қосады. Сыйлық музыка, кино және бейнелеу өнерінен бастап сәулет, ойын индустриясы мен креативті технологияға дейін 15 бағытты қамтиды. Барлығы 100 негізгі және тоғыз арнайы марапат табысталады.
Креативті индустрия саласындағы ірі халықаралық іс-шараларды өткізу Алматыдағы оқиғалы туризмді дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде де қарастырылып отыр. Мұндай іс-шаралар қалаға шетелден қатысушылар мен қонақтарды тартып, Орталық Азияның креативті индустрия өкілдері арасында жаңа серіктестік орнатуға жол ашады.
[14:08, 06.10.2026] Багила Коллега: В Алматы объем креативной индустрии достиг 672 млрд тенге
По итогам 2025 года в Алматы зарегистрировано 21,5 тыс. субъектов предпринимательства в сфере креативных индустрий. Объем валовой добавленной стоимости отрасли достиг 672 млрд тенге, налоговые поступления - 49,4 млрд тенге. Инвестиции в основной капитал выросли в 4,5 раза и составили 65 млрд тенге. Об этом сообщили в управлении туризма Алматы.
Креативная индустрия объединяет музыку, кино, дизайн, моду, архитектуру, медиа, цифровой контент и событийную сферу. Вместе с экономическими показателями в городе растет число культурных площадок и крупных событий, отметили в государственном органе.
В сентябре 2025 года в Алматы открылся Almaty Museum of Arts площадью более 10 тыс. кв. м, начал работу Центр современной культуры «Целинный». Город также принимает крупные международные концерты и фестивали.
Одним из предстоящих событий станет THE ICONIC CREATOR AWARDS 2026, которая пройдет 11 ноября на Almaty Arena. Впервые премия объединит на одной площадке представителей креативных индустрий Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана.
В Алматы соберутся авторы, артисты, режиссеры, дизайнеры, предприниматели, продюсеры, архитекторы, представители медиа и digital-индустрии. Премия охватит 15 направлений — от музыки, кино и визуального искусства до архитектуры, игровой индустрии и креативных технологий. Предусмотрено 100 основных и девять специальных наград.
Проведение крупных международных мероприятий в сфере креативных индустрий также рассматривается как одно из направлений развития событийного туризма Алматы. Такие события привлекают в город участников и гостей из других стран и создают новые возможности для сотрудничества представителей креативного сектора Центральной Азии.









