Алматыда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталды. Алдын алу шаралары және вакцинаны кімдер тегін ала алатыны туралы Алматы қаласының №36 қалалық емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Дильдора Кенжаева айтып берді.
Дәрігердің айтуынша, тегін вакцинация тәуекел тобына жататын азаматтарға жүргізіледі.
«Бірінші кезекте бұл балалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан адамдар, созылмалы аурулары бар пациенттер және медициналық көрсетілімдерге сәйкес азаматтардың басқа да санаттары», — дейді дәрігер.
Тәуекел тобына жататындығын және вакцинацияны қай жерде алуға болатынын нақтылау үшін өз емханасына жүгіну қажет.
Мамандардың айтуынша, вакцинация тұмаудың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі және ауруға шалдығу мен оның асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі.






