Елорданың қыс мезгілі жақындаған сайын Сарыарқа ауданында қысқы тазалық жұмыстарына дайындық күшейтілуде

    Елорданың қыс мезгілі жақындаған сайын Сарыарқа ауданында қысқы тазалық жұмыстарына дайындық күшейтілуде

    Аудан әкімдігі қар тазалау жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдардың базаларын аралап, техниканың дайындығын және қажетті құрал-жабдықтардың жағдайын пысықтауда.

    Сарыарқа ауданында қысқы кезеңдегі санитарлық тазалық жұмыстарына 22 мердігер ұйым жауап береді. Олар автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын, аула аумақтарын, қоғамдық орындар мен басқа да аумақтарды қардан тазалаумен айналысады.

    Қысқы маусымда аудан аумағында 585-тен астам арнайы техника және 770 жол жұмысшысы жұмылдырылуы жоспарланып отыр. Техника мен мамандардың дайындығы алдын ала тексеріліп, қар жауған кезде жұмыстарды жедел ұйымдастыруға басымдық берілмек.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары