
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің халықпен өткізген көшпелі кездесулері аясында берілген тапсырмалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Қала әкімінің халықпен кері байланысты нығайту және шағын аудандарды көркейту бағытындағы тапсырмаларына сәйкес, Абай ауданы аймағында бұқаралық спортты дамыту мен балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыруға басымдық берілуде.
Көшпелі кездесулер барысында аудан тұрғындары тарапынан балаларға арналған спорт және ойын алаңшаларын салу бойынша өтініштер білдірілген болатын.
Нәтижесінде тұрғындардан түскен 6 өтініш толығымен жүзеге асырылып, төмендегі мекенжайлар бойынша заманауи спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді:
1. Нұршуақ шағын ауданы, Ілтипат көшесі;
2. Нұршуақ шағын ауданы, Шатыркөл көшесі;
3. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Мырза көшесі;
4. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Цементников көшесі;
5. Ынтымақ шағын ауданы, Сарқан көшесі;
6. Ынтымақ шағын ауданы, Аққұрай көшесі.
Тұрғындардың жайлылығын арттыру, дене шынықтыруды бұқараландыру және аудан инфрақұрылымын кешенді дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар әрі қарай да өз жалғасын табады.







