
Денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесу өтті
Қарттар күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек сала ардагерлерімен кездесіп, оларды айтулы мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында басқарма басшысы ардагерлерге денсаулық сақтау саласына сіңірген еселі еңбегі, мамандыққа деген адалдығы және өңірдегі медицина жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.
Жүздесуде сала ардагерлері еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, кәсіби тәжірибесі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында ұрпақтар сабақтастығының маңызына тоқталды.
Кездесу соңында Сержан Назарбек ардагерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына жылулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Ол ардагерлердің мол тәжірибесі мен өнегелі еңбек жолы – Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының тарихымен сабақтас құндылық екенін атап өтті.






