
№5 қалалық емханада «Қызмет алушылар күні» өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен №5 қалалық емханада «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының, №5 қалалық емхананың, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің және ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Мамандар азаматтарға денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер және оларды алу тәртібі туралы ақпарат берді.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі — азаматтардың игілігі үшін!






