IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

    IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

    Түркістан қаласында түркі әлемінің жас театр мамандарын бір сахнаға тоғыстырған IV Халықаралық ТҮРКСОЙ студенттік театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

    5-7 қазан аралығында өтетін халықаралық өнер додасына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің жоғары оқу орындарынан студенттер, жетекші оқытушылар мен профессорлар қатысуда.

    Фестивальдің ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор, доктор Хүсейн Қараман, университет ректоры Жанар Темірбекова және Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов қатысып, сөз сөйледі.

    Фестивальдің қазылар алқасы құрамына түркі әлемінің театр өнері саласындағы білікті мамандар – Марина Юсупова, Ашырмұрат Гұрбанов, Исрафил Исрафилов, Эрай Эсерол және Чынасыл Урматбеков енді.

    Фестивальдің алғашқы қойылымын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының өнерпаздары ұсынды. Шығармашылық ұжым көрерменге кәсіби шеберлігі мен сахналық мәдениетін танытып, фестивальдің алғашқы күнін мазмұнды қойылыммен ашты.

    Түркі әлемінің жас театр мамандарын бір сахнада тоғыстырған халықаралық өнер додасы алдағы күндері де жалғасып, қатысушы оқу орындарының қойылымдары көрермен назарына ұсынылады. Фестиваль – жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени-шығармашылық байланысты нығайтып, театр өнеріндегі кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды өнер алаңы.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары