«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты" мекемесі 2026 жылдың 3-тоқсан қорытындысымен округ әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    АҚПАРАТ

    Мемлекеттік қызметтер – жеке мемлекеттік функцияларды іске асырудың бір түрі. Ол қызмет алушының өтініші бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетуді іске асырады.

    Мемлекет алдына қойған негізгі міндеттердің бірі - жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық халықтың бірдей кедергісіз қол жеткізуі және бұл Заңмен бекітілген.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

    1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

    2) Мемлекеттік корпорация арқылы

    3) «электронды үкіметтің веб-порталы» және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Заңына сәйкес,«Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда:

    1. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. Қызмет көсету мерзімі Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

    Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

    2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 13 /он үш/ жұмыс күні.

    3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. Қызмет көрсету мерзімі 20 минут.

    4. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. Қызмет көрсету мерзімі 5 /бес/ жұмыс күні.

    5. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту".

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

    2) "электрондық үкіметтің"www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).Қызмет көрсету мерзімі 10 /он/ жұмыс күні.

    6. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілі - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау.

    Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

    Дыңғызыл ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 3-тоқсан қорытындысымен барлығы мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Оның ішінде "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"- 7 қызмет, "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"- 2 қызмет, "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" 2 -қызмет.

    Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мерзімі кешіктіріліп қаралған мемлекеттік қызмет болған жоқ.

    Ғимараттың көрнекі жерінде мемлекеттік қызметтің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттар жазылған стенділері орналастырылған.

    Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда халықты цифрлық сауаттылыққа үйрету мақсатында, округ ғимаратында арнайы маман бекітіліп, қызмет алушыларға «Электрондық үкімет» веб-порталы, Е-лицензия, Е-өтініш" секілді платформаларда аудан орталығына бармай-ақ «Өз-өзіне қызмет» көрсету үшін арнайы жасақталған. Аталған бұрышта қызметтің бірнеше түрін ала алады.

    «Өз-өзіне қызмет бұрышы» арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталынан барлығы 124 қызмет көрсетілді.

    Көрсетілген қызметтерді бақылау мақсатында журнал ашылып, әр қызмет тіркеліп отырады.

    ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына сәйкес, заңнаманың бұзылу фактілері орын алған жоқ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар