ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 9 қазанда Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратындағы үлкен мәжіліс залында сағат 11–00-де VIІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІX (59) сессиясы шақырылады.
Сессияның Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті туралы» №239/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауылдық округінің әкімі – Жусупов Аспан Қалқаманұлы.
- Ақтоғай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Жумагулова Куляйм Қайырқызы.
- Ақтоғай ауданының кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының мәслихат төрағасы – Ташенев Жанат Шұғайұлы.
- Әр түрлі мәселелер.




