ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 29 қыркүйекте Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының үлкен мәжіліс залында сағат 15–00-де VIІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті LVІІІ (58) сессиясы шақырылады.
Сессияның Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Мүткенов ауылдық округ әкімінің есебі.
Баяндамашы: Мүткенов ауылдық округ әкімі – Абылшаиықов Айбек Қанағатұлы.
- Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесінін 2026-2027 жылдарға арналған қысқы жылыту маусымына дайындық жұмысы туралы есебі.
Баяндамашы: «Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ-ің басшысы міндетін атқарушысы – Секенов Самат Балкенұлы.
- «Ақтоғай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» КММ-мен «Кең Дала» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы туралы есебі.
Баяндамашы: Ақтоғай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлімінің басшысы – Жылкибаев Нұрсұлтан Қалтайұлы.
- Ақтоғай ауданындық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 262/49 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Неғметолла Қолғанат Ерланұлы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 234/42 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Жумагулова Куляйм Қайырқызы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы» №245/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Жолболды ауылдық округінің әкімі – Аралов Еламан Ертісұлы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы» №241/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Қараоба ауылдық округінің әкімі – Кетиков Ризабек Рыспекұлы.
- Әртүрлі мәселелер.




