Қарағандыдағы «Әуенді Сарыарқа» фестиваліне жеті елдің өнерпаздары жиналады

    Қарағандыдағы «Әуенді Сарыарқа» фестиваліне жеті елдің өнерпаздары жиналады

    Қарағандыда 18–28 қазан аралығында XXVII Халықаралық «Әуенді Сарыарқа» фестивалі өтеді. Өнерсүйер қауым асыға күтетін дәстүрлі мәдени шара биыл Қазақстан, Ресей, Италия, Молдова, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген өнерпаздардың басын қосады.

    Фестиваль концерттері «Шалқыма» концерт залында және Кеншілер мәдениет сарайында ұйымдастырылады. Көрермендерге халық музыкасы мен фольклордан бастап джаз бен симфониялық шығармаларға дейінгі сан алуан музыкалық бағдарлама ұсынылады.

    Қарағандыдағы «Әуенді Сарыарқа» фестиваліне жеті елдің өнерпаздары жиналады

    18 қазанда фестиваль шымылдығын «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрі ашады. Музыкалық кеште оркестрмен бірге Қырғызстанның халық әртісі Бактыбек Ыбыкеев пен Молдованың пан-флейта орындаушысы Игор Подгоряну өнер көрсетеді. Дирижерлік тұғырдан оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев кезек-кезек жетекшілік етеді. Концерт сағат 17:00-де басталады.

    Қарағандыдағы «Әуенді Сарыарқа» фестиваліне жеті елдің өнерпаздары жиналады

    Қарағанды джаз оркестрі фестиваль аясында өзінің 34-концерттік маусымының шымылдығын түрмек. 21 қазанда сағат 18:30-да Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында қарағандылық музыканттарға Мәскеуден келген саксофоншы Антон Залетаев пен вокалист Захар Мироненко қосылады. Кеш барысында Фрэнк Синатра, Владимир Трошин, Леонид Утесов, «Браво» тобының танымал әндерімен қатар заманауи джаз туындылары орындалады.

    Қарағандыдағы «Әуенді Сарыарқа» фестиваліне жеті елдің өнерпаздары жиналады

    24 қазанда Кеншілер мәдениет сарайында фестиваль бағдарламасы «Солистер шеруі» концертімен жалғасады. Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан, Италия және Беларусьтен келген вокалистер өнер көрсетеді. Оркестр тізгінін дирижер Айдар Торыбаев ұстайды. Концерт сағат 17:00-де басталады.

    Қарағандыдағы «Әуенді Сарыарқа» фестиваліне жеті елдің өнерпаздары жиналады

    Фестивальдің қорытынды кешінде «Арқа сазы» және «Аққу» фольклорлық ансамбльдері өнер көрсетеді. 28 қазанда өтетін концертке Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген музыканттар да қатысып, көпұлтты музыкалық кештің мазмұнын байыта түседі. Қорытынды концерт Кеншілер мәдениет сарайында сағат 18:30-да басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары