«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы Кипр Республикасының журналистері үшін ақпараттық тур ұйымдастырды.

    «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы Кипр Республикасының журналистері үшін ақпараттық тур ұйымдастырды.

    Делегация құрамына Дүниежүзілік FIJET федерациясының мүшесі болып табылатын Кипр туристік журналистері мен жазушылар қоғамының басшылығы, сондай-ақ Кипрдің жетекші БАҚ өкілдері, оның ішінде Кипр ұлттық қоғамдық телерадио хабарларын тарату корпорациясының (CyBC) журналистері мен телерадио жүргізушілері кірді.

    Сапар барысында шетелдік меймандар елорданың негізгі туристік нысандарымен танысты. Делегация «Бәйтерек» монументін, «Нұрсұлтан» мешітін, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрын, Өнер мұражайын, Есіл өзенінің жағалауын және Alem AI алаңын аралады.

    Журналистерге қаланың гастрономиялық мүмкіндіктері де таныстырылды. Қонақтар Koktem Bistro және ұлттық тағамдар ұсынатын Qazaq Gourmet мейрамханасына барды.

    Ақпараттық тур журналистерге елорданың сәулеті,

    мәдени мұрасы, заманауи қалалық кеңістіктері және гастрономиялық мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Сапар қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері өз аудиториясына елорданың туристік әлеуеті мен Астанаға саяхаттаудың өзекті бағыттары туралы ақпарат ұсынатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары