
Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс», – деп атап өткен.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі мерейлеріңізді арттыра берсін!









