Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

    Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыстық басқармалардың 2027 жылға жоспарланған жаңа әлеуметтік жобалары, қалалық және аудандық кеңестердің жұмысы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны дамыту мәселелері қаралды.

    ҮЕҰ-ның 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын әзірлеуге қатысуына ерекше назар аударылды. Денсаулық сақтау саласында нашақорлықтың алдын алу көзделсе, білім беру саласында жасанды интеллект пен инженерлік дағдыларды дамытуға бағытталған бастамалар қарастырылуда. Мәдениет саласында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және инклюзивті шығармашылықты дамыту, тілдерді дамыту саласында мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу жоспарлануда.

    Балқаш және Приозерск қалаларындағы, Ақтоғай, Абай және Шет аудандарындағы кеңестердің жұмысы қаралды. Жергілікті ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды нығайтуға, олардың комиссиялар жұмысына және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

    Қарағанды қаласында қолжетімді ортаны дамыту мәселелері бойынша мүгедектігі бар адамдар мен қоғамдық ұйымдардың ескертулерін ескере отырып, нысандарды бейімдеуге, сондай-ақ «Жасыл ел» инклюзивті жасағының жұмысын 2027 жылы жалғастыруға басымдық берілді.

    Отырыс қорытындысы бойынша ҮЕҰ ұсыныстарын ескере отырып, 2027 жылға арналған әлеуметтік жобаларды әзірлеу, қалалық және аудандық кеңестердің жұмысын жетілдіру және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны дамыту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары