
Сарыарқа ауданының белсенді тұрғындарымен бірлесіп, Алмалық көшесіндегі қоғамдық кеңістікте 140-тан астам үйеңкі мен шырша ағашы отырғызылды.
Айта кету керек, биыл аталған аумақта абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Оның аясында балалар ойын алаңы жөнделіп, спорт алаңы жаңартылды.
Сонымен қатар қоғамдық кеңістікке жаңа көше жиһаздары орнатылып, тұрғындардың демалысы мен бос уақытын өткізуіне қолайлы жағдай жасалды.







