"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Әлеуметтік құқықтарыңыз бұзылды ма? Департаментке жүгіне аласыз!
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Департамент өз құзыреті шегінде азаматтардың құқықтарының сақталуына бақылау жүргізеді.
Атап айтқанда, Департамент мынадай мәселелерді қарайды:
- әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
- жеке оңалту бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуы;
- Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 154-бабының талаптарының сақталуы.
Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілуі мүмкін.
Тексеру жүргізуге негіздердің бірі — жеке және заңды тұлғалардың заңнама талаптарының бұзылуы туралы, тиісті негіздер мен растайтын дәлелдер болған кездегі өтініштері.
Егер сіз өз құқықтарыңыздың бұзылғанына тап болсаңыз, бейжай қалмаңыз — Департаментке жүгініңіз!
Өтініште қандай құқықтың бұзылғанын, кім тарапынан және қандай жағдайда орын алғанын толық көрсетіңіз. Сондай-ақ қолда бар құжаттар мен басқа да растайтын материалдарды қоса тіркеу қажет.
Әлеуметтік құқықтарды қорғау — сіздің заңды құқығыңыз!








