- Картограмманың мақсаты
Картограмманың негізгі мақсаты – Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыттарды анықтау, оларды бағалау және тәуекелдерді азайтуға бағытталған алдын алу шараларын белгілеу болып табылады.
Картограмма басқармада 2026 жылғы 1 маусымнан 10 шілдеге дейін жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері негізінде әзірленді.
Картограмманы әзірлеу кезінде ішкі талдау барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі ескерілді.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Картограмма анықталған тәуекелдердің алдын алуға, оларды төмендетуге және тұрақты бақылауда ұстауға бағытталған.
- Басқармабойынша негізгі тәуекел картасы
№ |
Тәуекел аймағы |
Негізгі тәуекел |
Негізгі салалар |
1 |
Басқарушылық шешімдер қабылдау |
Жеке мүдделілікке байланысты қызметтік өкілеттіктерді пайдалану |
Басшы, бөлім басшысы |
2 |
Мемлекеттік сатып алу |
Жоспарлау, рәсімдерді өткізу, мердігерлермен жұмыс, шарттардың орындалуын бақылау |
Қаржы-шаруашылық қызметі |
3 |
Бюджетті жоспарлау және қаражатты игеру |
Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жобаларды іріктеу, қаржыландыру, игеру |
Қаржы-шаруашылық қызметі |
4 |
Мүдделер қақтығысы |
Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу |
Басқарманың барлық мамандары |
5 |
Әкімшілік рәсімдер және азаматтарды қабылдау |
Өтініштерді қарау, жеке қабылдау және рәсімдік талаптарды сақтау |
Басқарманың барлық мамандары |
6 |
Ақпараттық жүйелерді пайдалану |
Ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақытылы немесе дұрыс енгізбеу, ақпаратқа заңсыз қол жеткізу |
Ақпараттық жүйелер |
7 |
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет |
Қызметтік шешімдер қабылдау кезінде өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалану |
Басқарма басшылығы және құрылымдық бөлімдер |
8 |
Әкімшілік рәсімдер және азаматтардың өтініштері |
Азаматтардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жүргізу және жауаптарды дайындау кезінде рәсімдік талаптарды сақтамау қаупі |
Әкімшілік қызмет |
9 |
Құжат айналымы және цифрлық жүйелер |
Құжаттарды тіркеу, сақтау, ақпараттық жүйелерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде белгіленген тәртіптің бұзылу қаупі |
Ішкі әкімшілік рәсімдер |
- Тәуекелге шалдыққан лауазымдар
Лауазым |
Тәуекелді өкілеттіктер |
Басқармабасшысы, басқарма басшысының орынбасары |
Басқарушылық шешімдер қабылдау және ұйымдастыру –шаруашылық функцияларды орындау |
Басқарманың бөлім басшылары |
Шешім қабылдау және ұйымдастыру-шаруашылық функцияларды орындау |
Басмаман– бас бухгалтер |
Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, жұмыстарды қабылдау, еңбекақы және ТМҚ есебі, бюджет қаражатын игеру |
- Тәуекелдерді төмендетудің басым шаралары
- Бюджет қаражатын жоспарлау, бөлу және игеру кезінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын және шарттардың орындалуын бақылауды күшейту.
- Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша тұрақты түсіндіру және ішкі бақылау жүргізу.
- Кадрлық шешімдердің заңдылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау.
- Құжат айналымын, номенклатуралық істерді жүргізуді, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді өңдеу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін біріздендіру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу.
- Қорытынды
2026 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері негізінде Басқарма қызметіндегі негізгі тәуекел аймақтары басқарушылық шешімдер қабылдау, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, мүдделер қақтығысын реттеу, кадрлық рәсімдер, құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану процестері ретінде айқындалды.
Картограммада көрсетілген тәуекелдер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалғанын білдірмейді. Олар жекелеген функциялар мен лауазымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын көрсетеді.
Осыған байланысты негізгі міндеттер – анықталған тәуекелдердің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, қызметтік шешімдер мен рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысына жол бермеу, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Анықталған тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, олардың тиімділігі бақылауда ұсталады.








