Абай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсынымдар орындалды

    Абай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсынымдар орындалды

    ​ Абай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасындасыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.

    Атқарылған жұмыстар аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:
    Түсіндіру жұмыстары: қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру мен оқыту шаралары өткізілді.
    Құмар ойындарға қатысуды шектеу: басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысудан өз еріктерімен бас тартулары қамтамасыз етілді.
    Мониторинг және алдын алу: мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және қызметкерлердің өткен кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуын тексеру мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы мониторинг жүргізілді.
    Ресурстарды жаңарту: басқарманың ресми интернет-ресурсындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміндегі ақпараттар мен нормативтік-құқықтық құжаттар өзектендірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ" жаңалықтары