
2026 жылғы 25–27 қыркүйекте Душанбе қаласында «Ромит» биосфералық резерватына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық алаңда табиғи мұраны сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және тұрақты даму мәселелері талқыланып, түрлі елдердің мамандары мен сарапшылары тәжірибе алмасты. Қазақстан да халықаралық жиынға қатысып, биосфералық резерваттарды тиімді басқару, сирек және эндемикалық түрлерді сақтау, экологиялық ағарту және жергілікті қауымдастықтарды табиғатты қорғауға тарту бағытындағы тәжірибе алмасуға атсалысты. Мұндай кездесулер Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау саласындағы байланысын нығайтып, ортақ экологиялық міндеттерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Табиғатта шекара жоқ. Оны сақтау — ортақ міндет.








