
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз — білім мен тәрбиенің шамшырағы, ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, болашаққа жол ашатын ардақты мамандық иесі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз бен шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыз — қоғамның жарқын болашағына қосылған баға жетпес үлес. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз! Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек! Мерекелеріңіз құтты болсын!









