
Астанада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов пен Абу-Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42Internationalкомпаниясының бас директорыМансурӘл-Мансурикездесті.
Кездесуде көлік саласынцифрландыру, жасанды интеллект технологияларын қолдану және Ұлттық бейнебақылау жүйесін іске асыру мәселелері талқыланды.
Ұлттық бейнебақылау жүйесі – көлік ағындарын бақылауға, көліктік бақылауды автоматтандыруға және көлік инфрақұрылымын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа.
Ағымдағы жылы Астанада жүйенің пилоттық тестілеуі сәтті аяқталып, оның негізгі функцияларының тиімділігі расталды. Қазіргі уақытта Министрлік жүйені республикалық деңгейге кеңейту және көлік инфрақұрылымын басқаруға жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптарбұған дейін қол қойылған Көлік инфрақұрылымынцифрландырусаласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясындаөзара іс-қимылдыодан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады.








