
Бейнеу аудандық мәслихатының аппарат басшысы, мекеменің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Оспановтыңтөрағалығымен ағымдағы жылдың 1 қазанына мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және Әдеп нормалын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелеріне қатысты жиналыс өтті. Жиын барысындамемлекеттік қызметтегіадалдық,ашықтықжәнежауапкершілік қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбаумәселелері талқыланды. Сонымен қатар азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау, әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарау және қызмет барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттілігі айтылды. Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу белгілі бір шарамен ғана шектелмейтінін, бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жұмыс барысында жалғасын табуы тиіс екендігі түсіндірілді.







