
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимованың төрағалығымен конституциялық бақылау органының бұған дейін қабылданған қорытынды шешімдерін талдау нәтижелеріне арналған отырыс өтті.
Отырыста бұған дейін қабылданған қорытынды шешімдердің 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін бағалау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері, сондай-ақ оларды орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы мемлекеттік органдардың ақпараты тыңдалды.
Материалдарды қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың судьялары жекелеген қорытынды шешімдерді қайта қарау қажеттігін айқындайтын болады.
Қабылданған шешім және тиісті жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.









