ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

    Аға буынға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

    Осы бағыттағы жұмыстар Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 42 қарт, ал белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 75 қарт қызмет алады. Орталықтар қарттарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

    1 қазан – Қарттар күніне орай аталған екі орталықтың қызмет алушылары үшін Темір аудандық орталық кітапханамен бірлесіп «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік бағдарламада концерттік қойылымдар ұсынылып, кітапхана ұжымы үлкенді құрметтеу, отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығын арқау еткен тәрбиелік көрініс қойды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары