
21-29 қыркүйек аралығында «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру қағидаларын бұзған 257 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде 5 тұлға аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған. Барлық анықталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Тексеру барысында аталған тұлғаның бір жыл ішінде осыған ұқсас құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды. Осыған байланысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қоқыс қалдықтарын және өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға төккен тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Азаматтарды тазалық талаптарын сақтап, қоршаған ортаны ластауға және қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға жол бермеуге шақырамыз.








