Бестамақ ауылында заманауи автожанармай құю станциясы ашылды

    Бестамақ ауылында заманауи автожанармай құю станциясы ашылды

    Бестамақ ауылында «Рахат» жеке кәсіпкерлігі тарапынан заманауи, толық цифрландырылған электронды автожанармай құю станциясы (АЖҚС) іске қосылды.

    Жаңа нысанды жабдықтауға шамамен 50 миллион теңге инвестиция бағытталды. Станция заманауи электронды және цифрлық технологиялармен қамтамасыз етілген. Бұл тұрғындарға жанармайды жылдам, ыңғайлы әрі үздіксіз алуға мүмкіндік береді.

    Аталған автожанармай бекетінің ашылуы ауылдағы жанармай тапшылығы мәселесін шешіп, тұрғындардың басқа елді мекендерге қатынау қажеттілігін азайтты.

    Жаңа нысан – жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, өңірдегі цифрландыру үдерісін дамытуға және шағын білгілі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

    Бестамақ ауылында мұндай заманауи инфрақұрылымдық нысандардың пайда болуы елді мекеннің әлеуетін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алға ауданы әкімдігі" жаңалықтары