БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ БАРДЫ

    БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ БАРДЫ
    Бүгін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Борлысай ауылдық округіне жасаған жұмыс сапарында Ақтас, Қошқарата, Кеңсай елді мекендерінің инфрақұрылымдық нысандарының жағдайымен танысты.
    Қазіргі таңда округтегі екі елді мекенде (Қошқарата, Кеңсай) ішкі газ жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар өткен жылы бастау алып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ақтас елді мекеніне жеткізуші газ жүйелерінің құрылысы да жүруде.
    Аудан басшысы жауапты бөлім басшысына елді мекендерге газ тарту жұмыстарын қатаң бақылауға алуды, сапалы әрі жеделдетіп аяқтауды тапсырды.
    Кеңсай елді мекенінде аудан әкімі жаңадан салынған су жинау орнында болып, сапасын бақылап көрді.
    Қазіргі таңда Кеңсай және Қошқарата елді мекендерінде су жинау орындары тексерістен өтіп, іске қосылған. Аудан әкімі сала жетекшілеріне аталған елді мекендердің ішкі су жүйелерін ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар беріп, тиісті жұмыстарды мерзімінде аяқтауды міндеттеді.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары