БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ БАРДЫ

    БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ БАРДЫ
    Бүгін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Борлысай ауылдық округіне барды.
    Аудан басшысы алдымен Ақтастағы мектепте тұрғындармен кездесу өткізіп, онда ауылдық округтің әкімі Ғалым Шәбдезімнің есебін тыңдады.
    Кездесуде тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырған бірқатар мәселе бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
    Өз кезегінде аудан әкімі округтегі инфрақұрылымға қатысты мәселелерден хабардар екенін, олар бойынша салаға жауапты мамандар тарапынан тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығын мәлімдеді.
    Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсынысты бақылауға алып, маңыздылығына қарай жұмыс жүргізу үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары