БӘЙДІБЕК: КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

    БӘЙДІБЕК: КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
    Ұ.СӘДІБЕКОВ: «БҮГІН ШЕШУГЕ БОЛАТЫН МӘСЕЛЕНІ ЕРТЕҢГЕ ҚАЛДЫРМАУ КЕРЕК»
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
    Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің жетекшілері қатысты.
    Мәжілістің күн тәртібіне негізгі үш мәселе енгізілді.
    Б ірінші болып бюджет кіріс көзін ұлғайту мәселесі қаралып, аудандық кірістер басқармасының басшысы С.Ердіқалықов баяндама жасады. Оның айтуынша, тиісті мерзім аралығында салық төлеушілер тарапынан берешек сомалар қалыптасқан. Оларды өндіру бойынша жұмыс қыза түскенімен, кейбір ауылдық округтерде тиісті шаралар өз деңгейінде жүргізілмей келеді. Аудан әкімі бюджеттің қалыптасуына салықтың тікелей әсер ететіндігін айтып, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарына ауылдық округтердің әкімдерімен, салалық мекеменің басшысымен бірлесіп салықтық берешектерді өндіру бойынша арнайы кесте әзірлеуді тапсырды.
    Мәжілісте қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындардың жағдайы мен тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі де қаралды. Ол бойынша аудандық тұрғын үй-
    коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Азизханов баяндама жасады.
    Баяндаманы тыңдаған аудан басшысы кейбір полигондардың санитарлық жағдайы сын көтермейтіндігін айтып, оларды талапқа сәйкестендіру үшін бір ай мерзім белгілеп, тапсырманы жеке бақылауына алатындығын жеткізді.
    Күн тәртібінде үшінші мәселе, яғни атаулы әлеуметтік көмек бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Отыншиев баяндама жасады.
    Жиынды қорытындылаған аудан басшысы әр салада бүгін шешуге болатын мәселені ертеңге қалдырмау керектігін айтып, мәжілісте берілген әрбір тапсырманың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары