«ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

    «ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ
    ▪️ Бүгін аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінің бірінші туры өтті.
    ▪️ Пікірсайыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін, өз ойын нақты әрі дәлелді жеткізу дағдысын, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін және командалық жұмысын дамыту. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі әдеп пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
    ▪️ Пікірсайысқа ауданның мемлекеттік қызметшілерінен құралған 8 команда қатысты. Атап айтқанда, «Ақиқат», «Айбар», «Өрлеу», «Қайсар», «Бірлік», «Дәлел», «Серпін» және «Болашақ» командалары өзара бақ сынады.
    ▪️ Сайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікірлеріне жауап берді. Негізгі талқыланған тақырыптар қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар, жасанды интеллектіні мемлекеттік қызмет көрсету саласында пайдалану және сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру мәселелері қамтылды.
    ▪️ Атап айтқанда, командаларға:
    ▪️ «Қоғамдық пікір сыбайлас жемқорлық деңгейіне заңнамаға қарағанда күштірек ықпал ете ала ма?»
    ▪️ «Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қайсысы маңыздырақ: үміткердің адалдығы, жауапкершілігі мен әдептілігін қамтитын жеке қасиеттері ме, әлде кәсіби білімі мен тәжірибесі ме?»
    ▪️ «Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді толығымен жасанды интеллектке сеніп тапсыруға бола ма?»
    ▪️ «Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу жүйесінде қайсысына басымдық беру керек: ақшалай сыйақыны ұлғайтуға ма, әлде олардың құпиялылығын, еңбек кепілдіктерін және құқықтық қорғалуын күшейтуге ме?»
    деген өзекті тақырыптар ұсынылды.
    ▪️ Қатысушылар белгіленген регламентке сәйкес өз ойларын ортаға салып, қарарларды жан-жақты талқылады. Сайыс барысында олардың логикалық ойлауы, дәлел келтіруі, қарсы пікірге жауап беруі, сөйлеу мәдениеті және командалық жұмыс дағдылары бағаланды.
    ▪️ Пікірсайысқа төрелік еткен қазылар алқасының төрайымы – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Анар Джақсыбековна. Қазылар алқасының мүшелері – Ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік қызмет көрсету және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшесінің басшысы Арман Үркембаев және Мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің басшысы Нұрлан Жайшыбеков.
    Модератор:Нуримбетова Мая Омаровна,персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы.
    Таймкипер:Байназарова Гульбану Турганбековна мемлекеттік- құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы.
    ▪️ Пікірсайыс қорытындысы бойынша 2 кезеңге 4 команда жолдама алды.
    «Айбар», «Серпін», «Болашақ» және «Дәлел».
    ▪️ Алдағы кезеңде аталған командалар өзара пікір таластырып, білімін, шешендік қабілетін және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын ортаға салатын болады.
    📍 Түлкібас ауданының баспасөз қызметі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары