
Алматы облысы әкімінің өкімімен Арман Еркінұлы Айшуақов Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Арман Еркінұлы 1991 жылы туған. Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын» «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы аталған білім ордасында «Сәулет» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары «ПСК Архат 2» ЖШС-ның сәулетшісі, Алматы қаласы «Алматыгипрогор» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, Жетісу және Алмалы аудандарында “қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру” қызметінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2025 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.









