Қостанайда жол жөндеу маусымы аяқталуға жақын

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қостанайда жол жөндеу маусымы аяқталуға жақын

    Қостанай қаласында биылғы жол жөндеу маусымы қорытындылануда. Биыл қала жолдарының сапасын жақсартуға 5,5 млрд теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары шамамен 28 шақырым жолды және 35 аула аумағын қамтыды.

    Орташа жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Жоспарланған 47 учаскенің 41-інде жұмыстар толық аяқталса, тағы төрт учаскеде жөндеу жалғасуда. Сонымен қатар 78 мың шаршы метр аумақта жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізу толық аяқталды. Нариманов көшесінің Абай және Алтынсарин көшелері аралығындағы бөлігі де қайта жаңғыртылды.

    Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары да жалғасуда. Биыл барлығы 35 аулада жөндеу жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстар аяқталғаннан кейін қаладағы жөнделген аула аумақтарының үлесі 99 пайызға жетеді.

    Бұдан бөлек, тротуарлар жөнделіп, көше жарықтандыру жүйесі жаңартылуда, жол белгілері орнатылып, бағдаршам нысандары жаңғыртылуда.2026 жылы сегіз жол қиылысын кеңейту жұмыстары аяқталды. Бұл шаралар жолдардың өткізу қабілетін арттырып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Қаладағы 40 учаскеде 72 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Аталған құрылғылар қараңғы уақытта өткелдерді жүргізушілерге анық көрсетіп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Оларды орнату жұмыстары толығымен аяқталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары