ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
    Онда өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтардың сұрақтары мен өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында азаматтар баспана кезегі, газ кіргізу мәселесі, сондай-ақ әлеуметтік және денсаулық салаларына қатысты мәселелер көтерілді. Азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй алу бойынша өтініштерін жеткізді.
    Тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдарын мұқият тыңдаған Зұлпыхар Жолдасов көтерілген әрбір мәселе жіті зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеп, орындалу барысы өз бақылауында болатынын айтты.
    Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарларының өңір тұрғындарын жеке қабылдауы тұрақты түрде кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Қабылдауға е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары