"Бекет" жедел-профилактикалық іс-шарасы: ШҚО-да 1 200-ден астам көлік тексерілді

    "Бекет" жедел-профилактикалық іс-шарасы: ШҚО-да 1 200-ден астам көлік тексерілді

    Шығыс Қазақстан облысында 25 қыркүйекте мал ұрлығының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында "Бекет" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

    Бес күн ішінде полиция қызметкерлері рейдтер жүргізіп, мал тасымалдайтын көліктерді, мал мен ет өнімдерін сатып алатын орындарды, шаруа қожалықтары мен мал жайылатын аумақтарды тексерді.

    Басты назар көліктерді, ет өнімдерін қабылдап, өткізетін орындарды, шаруа қожалықтары мен жайылым аумақтарын тексеруге аударылды. Осы уақыт аралығында 1 276 көлік, ет өнімдерін қабылдап, өткізетін 158 орын, сондай-ақ 369 шаруа қожалығы мен жайылым аумағы тексерілді.

    ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі Алтай ауданында — 6, Ұлан ауданында — 3 және Өскемен қаласында — 2 факті бойынша тіркелді. Бес күн ішінде қараусыз жүрген малды арнайы орындарға орналастырудың 48 жағдайы анықталды.

    Арнайы орындарға барлығы 160 бас мал жеткізілді.

    Полиция қызметкерлері рейдтерді жалғастырып, анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша заңға сәйкес шаралар қабылдауда.

    Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмай, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары